Translate

Покупка, продажа и обмен Bitcoin в Казахстане

Обменный пункт

July 19, 2014

«Лақтырылғандықтарыңызбен!»

mmm-kazakhstan.info сайтының скриншоты, 16.07.2014-09:34 ©aynaline.kz
mmm-kazakhstan.info сайтының скриншоты, 16.07.2014-09:34 ©aynaline.kz
Айзере Самарқан арнайы aynaline.kz үшін

Тоқсаныншы жылдары «аспаннан ақша жаудырамын» деп атағы шыққан, кейінгі жылдары құқықтық органдардың қырына ілінген Сергей Мавроди һәм «МММ» туралы естімеген, білмейтін адам аз. Сол Мавродидің қаржы пирамидасы соңғы уақытта Қазақстанда қанат жая бастағаны байқалады. Сонымен, сәл-пәл.

 «Сұлтанға сенсең – өлмейсің…»

Мавродидің қазіргі үгіт-насихатының тоқсаныншы жылдардағыдан өзгере қойғаны шамалы. Қарсақбаевтың атақты фильмінің бір кейіпкері «Сұлтанға сенсең – өлмейсің» деуші еді ғой. Мавродидің сөзі де соған ұқсас, «Маған сеніңіздер, адамдар!» деген бір ауыз сөздің айналасына құрылған. МММ-ге ақша салып, бірнеше еселеп қайтарып алғысы келетіндерге ақшасын ай сайын емес, тіпті, екі апта сайын қайтарып тұруға уәде береді. Есесіне, кассаға ай сайын қол салатындар 50 пайыз, екі аптада бір рет алатындар 25 пайыз артық ақша алады.
Мавродидің сөзіне сенсек, салған қаражатым күйіп кетеді деп қорқудың қажеті жоқ. Тіпті, аяқ астынан бірдеңе бола қалған күннің өзінде ол ақшаңызды мұрты бұзылмаған күйінде қайтарып береді екен. «Осыдан артық қандай кепелдік керек?!» дейді өзі.
Сенгің келеді, әрине. Артық ақша қалтаңды тесіп кетпесі анық. Алайда, Ресейдің тергеу орындарының есебінше, Мавроди тоқсаныншы жылдары түрмеге қамалған тұста салымшыларына 110 миллион $, тәуелсіз сарапшылардың дерегіне сүйенсек 1 миллиард $ қарыз болып қалған.  «МММ» салымшыларының бейресми бірлестігінің есебінше, миллиондаған адамды тақырға отырғызып, 70-80 $-қаражатын қайтармай кетіпті. Ал, сеніп көріңіз!..

10 мың теңге = 10 мың «мавро»
Қазір Сергей Мавроди бизнесін виртуалды кеңістікте гүлдендіріп жатыр. Бұрынғы акциялардың орнын — электронды төлем құралдары алмастырған. Бағасы — біздің валютамен 10 мың теңге. 10 мың теңге салсаң, бір айдан кейін 50 пайыз үстемемен 15 мың аласың. Бұл біздің сөзіміз емес, «МММ»-нің Қазақстандағы өкілдерінің айтқаны.
Қарапайым тілмен баяндасақ, схема былайша құрылған. Мәселен, бір адамға қаржылай көмек керек делік. Екінші біреудің оған көмектесуге мүмкіндігі бар. «МММ» бағдарламасы бойынша олар өзара ешқандай делдалсыз жұмыс істеседі. Бүгін 10 мың теңгемен, яғни, 10 мың «мавромен» (!) көмектескен адам тиісті уақыттан кейін сол ақшаны тиісінше пайызымен қайтарып алады. Ақшаны аударуға үш күннен артық уақыт кетпейді. «Мавроны» банктегі касса арқылы, картадан картаға, интернет-банкинг аударуға болады.
10 мың теңге берген адамның «кабинетінде» автоматты түрде 10 мың «мавро» пайда болады. Ол бір айдан кейін 30-50 пайызға артады. Манадан бері «мавро» деп отырғанымыз «МММ» жүйесіндегі өзіндік есеп бірлігі ғой. 1 «мавро» = 1 теңге.
Бір қызығы, www.sergey-mavrodi.com сайтында бұл жүйенің қаржылық пирамида екендігі, ол кез келген уақытта күйреуі мүмкін екендігі туралы ескертілген. Алайда, жаймашуақ күндердің бірінде қаржысы желге ұшы мүмкін болса да, оған сенетіндер баршылық.
Ол салымшыларына құйған қаражатынан ай сайын бақандай 50 пайыз табыс табатыны туралы уәде беруде. Қазір Қазақстанда www.mmm100.kz және mmm-kazakhstan.info деген мекен-жайдағы екі бірдей интернет ресурсы жұмыс істейді. Аталмыш сайттардан «МММ» өкілдерінің және мүшелерінің «қалай табысқа кенелгендері» туралы бейнероликтерді тамашалауға болады. Сергей Мавродидің өзі де аптасына екі мәрте онлайнға байланысқа шығып отырады. Қаласаңыз, YouTube арқылы да МММ туралы біраз ақпаратқа қанығуға мүмкіндік бар.
Қаржы пирамидасы салымшылармен виртуалды кеңістікте ғана емес, офлайнда да жұмыс істейді.   Сәуір айында Алматының «Арбатында» акция өткізіп, ақпараттық парақшалары  мен «Мавроди» атты газеттерін таратты. Артынша акция Павлодар қаласында дәл сондай акция өтті.
Елімізде қаржылық пирамида құрушылар заң жүзінде қудаланатынын, қылмыстық жазаға тартылатынын ескерсек, олардың қалай жол тауып жүргеніне таңғалмасқа шара жоқ.

Күйремейтін «пирамида» болмайды
Заң бойынша, қаржылық пирамидаларға тыйым салынғаны туралы сөз басында айтқанбыз. Алайда, Мавродидің құрған жүйесіне заңмен тыйым салу мүмкін болмай тұр. Себебі, заң бойынша өз есебіне ақша жинаушы адамды жауапқа тарту қарастырылған, ал қарапайым адамдардың бір-біріне ақшамен, немесе «мавромен» көмектесуіне ешкім кедергі келтіре алмайды.
Экономистердің пайымдауынша, Мавродидің қаржы пирамидасы кез келген уақытта күйреп, мыңдаған адам тақырға отырып қалуы мүмкін. Ондай оқиғаның болмайтындығына ешкім кепілдік бере алмайды. 2011 жылы «МММ-2011» схемасындағы салымдардың жалпы сомасы 320 миллион $-ға жетіпті. 2012 жылы аталмыш жүйенің жұмысы тоқтатылған кезде компанияның Мәскеудегі кеңсесіндені қаражат белгісіз бағытқа жөнелтілген. Іле-шала компанияның жауапты өкілдері қарапайым салымшылармен ат құйрығын үзіп кете барған. Дәл сондай жағдайдың Қазақстанда қайталанбайтынына Мавродидің өзі де кепілдік бермейді.
Айзере САМАРҚАН
Источник:aynaline.kz
P.S. Ув.участники у кого есть возможность сделать перевод статьи на русский? Напишите пожалуйста перевод на почту: mavrotenge@gmail.com или в скайп: alexey09031988


Post a Comment